Татарстан астанасы Қазан қаласында 14-19 мамыр аралығында «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумы өтеді.
dspkazan.com сайтындағы мәліметке сәйкес, «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» – сауда қатынастары, тікелей шетелдік инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және исламдық қаржы жүйесінің мәселелерін талқылауға арналған алаң.
Форумның мақсаты – Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайту.
KazanForum 2024 іскерлік бағдарламасында халықаралық ынтымақтастық, исламдық қаржыландыру және инвестиция, халал индустриясы, ғылым және технология, инфрақұрылымды дамыту, кадрлардың бүгіні мен ертеңі, әйелдердің болашағы, Ресей және ислам елдерінің өнеркәсібі, туризм және мәдениет тақырыптары қарастырылады.
Ресей мен ИЫҰ-ға мүше елдердің бірінші халықаралық экономикалық саммиті 2009 жылы өтті.












