Түрік ғалымдары Альцгеймер ауруын алдын ала анықтай алатын жаңа технология ойлап тапты.
Anadolu агенттігінің хабарлауы бойынша, Таяу Шығыс техникалық университетінің (Orta Doğu Teknik Üniversitesi, ODTÜ, METU) ғалымдары Альцгеймер ауруын ерте анықтауға болатын жасанды интеллект негізіндегі жаңа технологияны ұсынды.
Бұл жаңашылдық туралы METU университетінің информатика институтының педагогикалық кеңесінің және нейроғылым және нейротехнология саласындағы Біріккен қолданбалы зерттеулер орталығының басқарма мүшесі Ешим Айдын Сон агенттікке берген сұхбаты барысында мәлімдеді.
Ғалымның айтуы бойынша, Альцгеймер ауруын анықтау сілекейден алынған үлгіні пайдалана отырып, генетикалық тестілеу арқылы жүзеге асырылады.
Ешим Айдын Сон жаңа технология дәрігерлерге науқасқа диагноз қою кезінде айтарлықтай көмек көрсететінін айтады. Сондай-ақ, сұхбаттасушы сөзінде зерттеу тобының мүшелері жасанды интеллект көмегімен аурудың қаупін 1,5-2 есе арттыратын генетикалық өзгерістерді анықтауға болатынын атап өтті.
Ешим Айдын Сонның айтуынша, жоба аясында молекулалық диагностикалық жинақтың прототипі әзірленген. Таяу Шығыс техникалық университетінің ғалымдары бұл әдісті Альцгеймер ауруымен ауыратын 100 науқасқа қолданған.
Ғалым Альцгеймер ауруын ерте анықтау науқастың кейінгі емі үшін маңызы зор екенін айтады.
Бұрын медицина саласында Альцгеймер ауруы оның алғашқы белгілері пайда бола бастаған сәтте ғана анықталатын. Алайда, бүгінде әлемде жаңа технология оның белгілері пайда болмай тұрып анықтай алады.
Бұған дейін 2017 жылы Сеул ұлттық университетінің ғалымдары Альцгеймер ауруын ерте анықтау жөнінде жоба ұсынған болатын.












