Алматы қаласының тұрғындары қала көшелерінде жүріп өткен Наурыз керуенін қошеметпен қарсы алды.
Алматы қаласының басты көшелерінен жүріп өткен «Көш. Наурыз-думан» мерекелік керуеніне Қыдыр ата, батырлар, бүркітшілер, ақындар образын бейнелеген кейіпкерлер мен ұлттық киімдегі қыздар, орта буын өкілдері мен қарттар қатысты.
Қала қонақтары мен жастарды ұлтымыздың әдет-ғұрпы, дәстүрі мен мәдениетін бір мезетте таныстырып өткен көшті халық тамаша көңіл-күймен қарсы алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады.
Алаңда тамаша мерекелік концерт ұйымдастырылып, думан кеш өтті.












Discussion about this post