Батыс елдері Ресей аумағында камикадзе ұшқышсыз ұшақтарын терең пайдаланылуы үшін Украинаға көмектесіп жатыр. Бұл туралы Евразия Тудей CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
CNN телеарнасына атын атамауды өтінген украиналық шенеунік Киевтің өз шекарасынан мың шақырымнан астам қашықтықтағы нысанаға шабуыл жасау мақсатында ұзақ қашықтықтағы және жетілдірілген мүмкіндіктері бар дрондарды қалай қолданғаны туралы айтты.
Дереккөз «Бағыттар алдын ала одақтастарымызбен бірлесе анықталады. Ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшу жоспарын орындайды. Осылайша біз нысанаға бірнеше метр дәлдікпен соққы бере аламыз»,- деді.
Украинадан тыс жерлерден кеңестер мен нұсқаулықтардың қабылдануы Батыс қызметкерлерінің Украина әскеріне нақты мақсаттар туралы ақпарат пен нұсқау беретіні жөніндегі бірнеше деректен кейін белгілі болды.
Өткен жылы The Washington Post басылымы Украинаның жоғары лауазымды шенеунігінің украиналық сарбаздар Пентагоннан нұсқау алмай ешқандай заманауи қаруды, соның ішінде америкалық HIMARS зымырандарын қолданбайтыны туралы мәлімдемесін келтірген болатын.
Сейсенбі күні Украина дрондар арқылы бұрын-соңды шабуыл жасалмаған Мәскеуден шығысқа қарай 650 шақырым жерде орналасқан Ресейдің Татарстан аумағына шабуыл жасады.
Дрондардың бірі шекарадан шамамен 1100 шақырым жерде орналасқан Нижнекамск қаласындағы мұнай өңдеу зауытына соққы беруді жоспарлады. Осы аудан басшысының айтуы бойынша, дрон әуе шабуылына қарсы қорғаныс шараларына байланысты істен шыққан және ешқандай зиян келмеген.
Сонымен қатар тағы бір дрон Елабугадағы өнеркәсіптік аудандағы студенттік жатақханаға шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан 13 адам жарақаттанған.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, орталықта озық жабдықтарды, соның ішінде ұшқышсыз ұшақтарды шығаратын бірнеше компания орналасқан.
Russia Today телеарнасының мәліметінше, Мәскеу Киевке қару-жарақ пен басқа да әскери көмек жеткізу Батыс елдерінің қақтығыстың тікелей бір жағына шығуына себеп болатынын бірнеше рет ескертті.
Ресей Қорғаныс министрлігі мен жергілікті шенеуніктер Киевтің Батыс берген қаруларды ойланбастан бейбіт тұрғындарды ату үшін қолданатынын айтты.



















