Астана қаласында өткен бизнес-форум аясында Қазақстан мен Қырғызстанның бизнес-топтары жалпы сомасы 300 миллион болатын коммерциялық құжаттарға қол қойды.
Еуразия Тудейдің ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша кеше, 17 сәуір күні Астана қаласында Қазақстан мен Қырғызстан бизнес-форумы өтті.
Бизнес-форумның ресми ашылуында екі ел премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Әділбек Қасымалиев болды.
Іс-шараға машина жасау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, металлургия, құрылыс, логистика және фармацевтика, инвестициялар және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін компаниялар қатысты.
Тараптар Қырғызстан аумағында күн электр станцияларын, ферроқорытпа зауытын, тарату орталығын салуды қоса алғанда, бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру ниеттерін бекітті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және өзара іс-қимылдың басқа да бағыттары туралы уағдаласты.
Айта кетейік, бизнес-форум Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 18-19 сәуірге жоспарланған Қазақстанға ресми сапарына орай ұйымдастырылды.



















