АҚШ Мемлекеттік департаменті Қытай мен Беларусьтің төрт ұйымына «Жаппай қырып-жою қаруын таратып, олардың жабдықтарын Пәкістанға тасымалдады» деген айыппен санкция салды.
Еуразия Тудейдің пәкістандық ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Америка Құрама Штаттары басқа елдердің қорғаныс ынтымақтастығына қарсы біржақты әрекеттерін жалғастырып, ядролық қаруды таратпау жоспарын күшейту деген уәжбен Пәкістанмен баллистикалық және ұзақ қашықтыққа ұшатын зымыран бағдарламалары саласында ынтымақтасады деген айыппен шетелдік төрт ұйымға санкция салды.
АҚШ Қытайда орналасқан үш мекеме мен Беларусьте орналасқан бір мекеме Исламабадқа Пәкістанның баллистикалық зымыран бағдарламасы, соның ішінде ұзақ қашықтыққа ұшатын зымыран бағдарламасы үшін зымырандарда қолданылатын заттарды тасымалдағаны туралы уәж айтты.
Айта кетейік, 2022 жылғы қараша айында да АҚШ пәкістандық бірнеше компанияны қауіпті ядролық әрекеттермен байланысты деп атап, өзінің қара тізіміне енгізді.
Пәкістан өз елінің әскери қару-жарақ, соның ішінде зымыран және ядролық қарудың барлық түрін өндіру саласындағы қызметі толығымен айқын екенін және бұл елдің осы бағытта ешқандай қателікке бой ұрмағанын әрдайым баса айтып келеді.
Пәкістан әлемдегі ядролық державалардың бірі ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (NPT) қол қоймаған. Кейбір халықаралық ғылыми-зерттеу институттарының болжамды есебіне сәйкес, бұл ел зымырандық және ядролық салаларда өзінің әскери әлеуетін жылдам арттырып келеді. Пәкістан алдағы жылдары АҚШ пен Ресейден кейінгі әлемдегі үшінші ядролық державаға айналуы мүмкін.












