Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі бүгін, 29 сәуір күні Тәжікстандағы Ресейдің Елшісі С.В.Григорьевке осы елдегі Тәжікстан азаматтарының жағдайына алаңдаушылық білдірген нота табыс етті.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан СІМ баспасөз қызметінің Телеграм арнасындағы мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі бүгін, 29 сәуір күні Тәжікстандағы Ресейдің Елшісі С.В.Григорьевке табыс еткен нотада Ресей аумағында Тәжікстан Республикасының азаматтарына қатысты тікелей теріс қатынас пен олардың құқықтары мен бостандықтарын жаппай бұзу жағдайларына елеулі алаңдаушылық білдірді.
Нотада мұндай әрекет тек Тәжікстан азаматтарына қатысты екені, бұл Тәжікстан-Ресей қарым-қатынасының рухы мен дәстүріне түбегейлі сәйкес келмейтіні атап өтілді.
Айта кетейік, Ресейдегі Тәжікстан босқындарының айтуынша, Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік акттан кейін оларға деген көзқарас бірден өзгерген.
Тәжікстан Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестіктен кейін мәлімдеме жариялап, Ресейде жүрген барлық азаматтарын барынша сақ болуға шақырды.


















