Мыңдаған оңтүстік африкалықтар Газа секторы мен Палестинаны қолдауға бағытталған шеруге шығып, Израиль мен соғысқа қарсы ұрандар айтты.
Еуразия Тудейдің палестиналық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауы бойынша, наразылық білдірушілер Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында шеруге шықты.
Соңғы айларда Оңтүстік Африка үкіметі сионистік режимді айыптап, Газа халқын қолдау үшін бірқатар Араб және ислам елдері жасамаған ауқымды шараларды қабылдады.
Оңтүстік Африка батыл қадам жасай отырып, палестиналықтарға қарсы геноцид жасағаны үшін Израильдің үстінен Нидерландыдағы БҰҰ-ның Гаага Халықаралық сотына шағым түсірді.
Оңтүстік Африканың заңгерлер тобы сионистік режимнің 1948 жылғы геноцид туралы конвенцияны орындамауы туралы мәселені Халықаралық сотта көтеріп, сионистік режимді тығырыққа тіреді.
24 мамыр күні Халықаралық сот Израильге Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахтағы әскери операциясын тоқтатуға бұйрық беріп, гуманитарлық көмектің Газа секторына енуіне мүмкіндік беру үшін Рафах бақылау-өткізу пунктінің жұмысын қайта бастауға шақырды.
Оңтүстік Африканың өтініші бойынша шығарылған шешім 13 дауыстың қолдауы және екі дауыстың қарсы болуымен қабылданды.
Халықаралық соттың бұл шешімін көптеген Араб және ислам елдері құптады, бірқатар халықаралық ұйымдар реакция білдірді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жұма күні Гаага сотының Израильге қатысты шешімі «міндетті» екенін және оны барлық тараптар орындауы керектігін баса айтты.
БҰҰ Бас хатшысы: «Сот жарғысына сәйкес, біз бұл қаулы туралы хабарламаны дереу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жібереміз»,-деді.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Африка 2023 жылдың 29 желтоқсанында Газа секторындағы ахуалға байланысты Гаагадағы Халықаралық сотқа геноцид конвенциясына сәйкес Израиль үстінен шағым түсірді.
11 қаңтар күні Халықаралық қылмыстық сот Оңтүстік Африканың Израильге қарсы арызын қарай бастады.



















