Биыл Қазақстанда Құрбан айт 17 маусымнан 16 маусымға өзгертілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл Құрбан айттың алғашқы күні 16 маусым, жексенбіге түсіп тұр.
Осылайша, биыл Қазақстанда Құрбан айт 16, 17, 18 маусым күндері аталып өтеді.
Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың алғашқы күні – демалыс. Алайда биыл Құрбан айт жексенбі күні басталатын болғандықтан, заңға сәйкес діни мерекелер демалыс күндеріне, яғни, сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келген жағдайда қосымша демалыс күні берілмейді.
Бұған дейінгі кесте бойынша Қазақстанда Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбі күніне белгіленіп, демалыс болған.
Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң аталып өтілетін қасиетті мейрам. Бұл күндері мұсылмандар құрбандық шалып, жақсы істер атқарады. Құрбан айтқа бір күн қалғанда, Арапа күні ауыз бекітудің маңызы зор.



















