Әли Бағери Кани АҚХА-де саяси резолюцияның қабылдануы Теһранның ядролық энергетиканы бейбіт мақсатта пайдалануды жалғастыруына еш әсер етпейтінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бағери Кани Иран Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы дүйсенбі күні БРИКС Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: «АҚХА Басқарма кеңесінде саяси резолюцияның қабылдануы Теһранның ядролық энергетиканы бейбіт мақсатта пайдалануды жалғастыру және ядролық энергетиканы дамыту жоспарларын қорытындылау ниетіне ешқандай әсер етпейді», — деп мәлімдеді.
Бағери сөзінің жалғасында: «БРИКС-тің басымдық беріліп, жақын арада жүзеге асырылуы тиіс ең маңызды міндеттерінің бірі – тәуелсіз және дамушы елдердің дамуы мен ілгерілеуіне үнемі кедергі ретінде әрекет ететін Бреттон-Вудс жүйесінің қаржылық жүйелерін реформалау.
БРИКС ұлттық валюталармен есеп айырысуды жүзеге асыру, цифрлық валюталарды пайдалану, банктік ортақ платформалар мен мессенджерлерді іске қосу, қайта сақтандыру, жаңа қаржы және банк құрылымдарын құру және т.б. бойынша өз әрекеттерін жеделдетуі керек», — деп атап өтті.
Кеше, маусымның 11, дүйсенбі күні Ресейдің Нижний Новгород қаласында БРИКС-ке мүше елдер СІМ басшыларының кездесуі басталды. «Әділетті жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтықты нығайту» тақырыбымен өтетін іс-шара екі күн бойы, маусымның 10-11 күндері жалғасады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап БРИКС-ке Мысыр, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Эфиопия жаңа мүшелер ретінде енді.
БРИКС елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Әли Бақери қатысуда.













