Ресей Президенті Владимир Путин Пхеньянға мемлекеттік сапармен келді.
Ресей Президентін әуежайда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның өзі қарсы алды.
Ресей мен Солтүстік Кореяның екіжақты қатынастарының бүкіл тарихында бұл Ресей мемлекеті басшысының 24 жылдан кейінгі екінші сапары. Путин Пхеньянға алғаш рет 2000 жылы барған болатын.
Путиннің Солтүстік Кореяға сапары екі күнге созылады. Бүгін, сәрсенбі күні Ресей Президентінің әртүрлі форматтағы келіссөздері жоспарланған.












Discussion about this post