БҰҰ-ның жауапты тұлғасы Израильдің Газадағы қорқынышты қылмысын мойындады.
Еуразия Тудейдің Тасним агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның «Таяу Шығыстағы бейбітшілік» деп аталатын үдерістегі арнайы үйлестірушісі Тур Винсленд сионистік режимнің үздіксіз қылмыстары салдарынан Газа секторындағы жағдайды апатты әрі үрей тудыратын деп атап, осы режим адам көп қоныстанған аймақтарда жарылғыш қарулар қолданып, тұрғын аудандарды толық қиратқанын баса айтты.
Тур Винсленд ұйымның аймақтағы, әсіресе Хезболла мен Израиль арасындағы қақтығыстың күшею қаупіне қатты алаңдаулы екенін айтты.
Ол әскери қақтығыстың күшеюінің аймақ үшін апатты салдары болатынын қуаттап, барлық тарапты жағдайды тыныштандыру үшін жедел шара қабылдауға шақырды.
Винсленд сөзінің жалғасында соғыстың Газадағы бейбіт тұрғындарға тигізген жойқын салдары мен бұрын-соңды болмаған гуманитарлық дағдарыс қатты алаңдататынын мәлімдеді.
БҰҰ-ның осы жауапты тұлғасы Израильдің жарылыстары ауруханалар мен қаланың инфрақұрылымына, мектептер мен мешіттерге, БҰҰ-на қарасты ғимараттарға зиян келтіргенін мойындады.
Винсланд Газаға енгізуге рұқсат етілген негізгі тауарлардың, соның ішінде гуманитарлық көмектің қажет мөлшерден әлдеқайда аз екенін де мәлімдеді.














