Кеше, 5 шілде күні Түркіменстан астанасына БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш келді.
Еуразия Тудейдің TDH агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ашхабад халықаралық әуежайында беделді халықаралық ұйымның басшысын түркімен халқының Ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Ашхабадта Антониу Гутерриш Түркіменстандағы БҰҰ өкілдігіне берілетін Mirap ғимаратының ашылу салтанатына қатысады. БҰҰ Бас хатшысының сапары аясында Президент Сердар Бердімұхамедовпен ресми кездесуі өтеді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Түркіменстанға Орталық Азия елдеріне жасаған туры аясында келді.
Бұған дейін Гутерриш Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда болды. Сонымен қатар Қазақстанға барып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты.



















