Халықаралық қатынастарды талдау орталығының (ЦАМО) басқарма басшысы Фарид Шафиев Иран мен Әзірбайжан арасындағы Әзірбайжан елшілігін Теһранға қайтару туралы келіссөздерінің қалай жүргені туралы айтты.
Еуразия Тудейдің Фарид Шафиевтің «Вестник Кавказа» газетіндегі сұхбатына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, «Келіссөздер бір жылдан астам уақытқа созылған. Әзірбайжанның талаптарына сәйкес белгілі бір келісімдер болған».
Фарид Шафиев сөзінің жалғасында: «Менің ойымша, сайлау фактісі Иран жағының жұмысын жеделдетуге әсер етті. Естеріңізге сала кетейін, Баку болашақ елшілік қызметінің қауіпсіздігі 100 пайызға қамтамасыз етіліп, Елшілік жаңа ғимаратта орналасуы керектігін талап еткен болатын», — деді.
Фарид Шафиев сонымен қатар: «Сондай-ақ лаңкестік әрекеттің толық зерттелуі және кінәлілердің жазалануы қажетті шарт болды. Бұл екі негізгі талап орындалып, (Иранда. Ред.) өткен президенттік сайлау аясында Тегеран елшілігіміздің қайта ашылуына қолайлы жағдай жасалды», — деді.
ЦАМО басқарма басшысы Теһрандағы елшілік жұмысын қалпына келтіру Әзірбайжан мен Иран арасындағы саяси диалогты жандандырады деп баса айтып: «Бұған дейін, әрине, саяси байланыс сақталды, соның ішінде Раиси қайтыс болғанға дейін екі ел президенттерінің кездесуі өтті. Алайда, елшілік жұмыс деңгейінде неғұрлым қарқынды, тұрақты диалогты қамтамасыз ететінін атап өткен жөн», — деді.
Фарид Шафиев сөзін: «Біздің экономикалық және этникалық тығыз байланысқа ие екенімізді ескере отырып, консулдық жұмысты та қайта бастау керек. Бұған дейін бір жарым жыл бойы Бакудің Ирандағы дипломатиялық өкілдігінің барлық функциясын қамтамасыз ете алмаған Әзірбайжанның Тебриздегі консулдығы жұмыс істеді», — деп қорытындылады.
Айта кетейік, бүгін, 2024 жылдың 15 шілдесінде Әзірбайжан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі жаңа мекенжайда жұмысын қайта бастады.
Еске салайық, 2023 жылғы 27 қаңтарда Бакудің Тегерандағы елшілігіне 50 жастағы ер адам басып кіріп, қарулы шабуыл жасаған оқиғадан кейін Әзірбайжан елшілігін 29 қаңтарда жапқан болатын.












