Қырғыз және қазақ әжелері жиналып, халық әндерін шырқады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, қырғыз және қазақ әйелдері халық әндерін орындау үшін Қырғызстандағы Ыстықкөл жағасында кездесті.
Венера Пирматова мен Толкун Орозобаева «Түркі керуені» жобасы аясында 250 әжені жинады.
Ыстықкөл -2024 атты іс-шараға жиналған әжелер Ыстықкөл жағалауындағы Шолпан-Ата қаласының демалыс орталығындағы түрлі алаңда өнер көрсетті.
Қырғыз және қазақ әжелері үстеріне ұлттық дәстүрлі киімдерін киіп, күміс әшекейлерін тағып, туған күн, сапар және үйлену тойларына арналған халық әндерін орындады.
Іс-шара соңында түрлі конкурс өткізіліп, жеңімпаз командаларға сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.
Шара зейнеткерлерге саяхаттауға және халықтар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді.




















