Еуропадағы ең ірі әуе компаниясы – Lufthansa тамыздың 1-нен 8-ші тамызға дейін Тель-Авивтегі барлық рейсін тоқтатты.
Lufthansa әуе компаниясы ресми өкілінің хабарлауы бойынша Тель-Авивтен осы аймаққа 8 тамызға дейін барлық жолаушы және жүк рейстері тоқтатылған.
Израильдік Channel 12 және The Times of Israel сияқты БАҚ-ның хабарлауы бойынша, Иранмен шиеленістің күшеюіне байланысты Lufthansa-мен қоса тағы алты әуе компаниясы, атап айтқанда Delta, United Airlines, Austrian Airlines, Brussels Airlines және Air India Израильге алдағы барлық рейсті тоқтатты, ал FlyDubai кейбіреуін тоқтатты.
Кеше сионистік авиация әкімшілігі де қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты басып алынған аймақтардан осы аймаққа баратын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады.
Бұдан бұрын сионистік «Едиот Ахаронот» газеті сионистік режимнің Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының Теһрандағы кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияны шәһид ету жолындағы лаңкестік операциясына, сондай-ақ, Бейруттың оңтүстік шетіндегі лаңкестік операциясына сілтеме жасап, Тель-Авивтің әлемнің барлық жеріндегі елшіліктерінде дайындық деңгейінің жоғарылағанын жазды.












