Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сұхбатта Қазақстан Президентінің биыл күзде Түркіменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.
Еуразия Тудейдің Ақордаға сілтеме жасап хабарлауы бойынша сұхбат барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.
Түркіменстан президентінің ресми сайты Altyn Asr-дағы мәліметке сәйкес, екі мемлекеттің басшылары түркімен-қазақстандық қарым-қатынасының жемісті әрі стратегиялық мәні бар жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Президент Сердар Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге және Астана қаласында өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне, сондай-ақ «Орталық Азия + Жапония» бірінші диалогтық саммитіне қатысуға шақырды.
Түркіменстан басшысы қазақстандық әріптесіне шақырғаны үшін алғыс айтып, шақыруды құрметпен қабылдады.












