Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері Атқару комитетінің төтенше отырысына қатысу үшін бүгін, сәрсенбі күні таңертең елінің делегациясын бастап, Сауд Арабиясының Жидда қаласына аттанды.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің Атқару комитетінің кезектен тыс отырысында сионистердің Палестина халқына қарсы қылмыстарын жалғастыруы, Исмаил Ханиені өлтіруі мен Иран Ислам Республикасының егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін бұзуына байланысты сионистік қылмыскер режимнің басқыншылығының аспектілерін қарастыру күн тәртібінде тұр.
ХАМАС қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хание Израиль режимі тарапынан өлтірілгеннен кейін Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Сауд Арабиясы мен Катар Сыртқы істер министрлерімен сұхбаттасып, ислам елдерінің бұл әрекетке реакция білдіруі қажеттілігіне назар аударып, Сыртқы істер министрлері деңгейінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысын өткізудісұраған болатын.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мәлімдемесіне сәйкес, бұл кездесу ұйымның Жиддадағы хатшылығының штаб-пәтерінде өтеді.












