Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Астанадағы халықаралық әуежайда мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Ертең екі ел басшыларының төрағалығымен Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысы өтеді.
Келіссөздер барысында өзбек-қазақстандық стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын тереңдету, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, энергетика, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланады.
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Бағдарламаға сәйкес, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия + Жапония» форматындағы диалогқа қатысу жоспарлануда.












