Байденнің Батыс Азия бойынша бас кеңесшісі Бретт Макгерк Қатар Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен кездесіп, аймақтағы жағдай туралы сөйлесті.
Еуразия Тудейдің Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Бретт Макгерк шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен кепілге алынған адамдарды босату және аймақтық мәселелер, сондай-ақ Қатар Премьер-министрінің Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуі туралы сөйлесті.
Бретт Макгерктің шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен кездесуі Қатардың лауазымды тұлғасы Тегеранда Масуд Пезешкианмен кездесуінен кейін орын алды.
Аты-жөнін атамауды сұраған америкалық жауапты тұлға сейсенбі күнгі Дохада өткен кездесу туралы: «Кездесу барысында атысты тоқтату және кепілге алынған адамдарды босату туралы келісім, сондай-ақ Премьер-министрдің Иранға сапарынан кейінгі аймақтық мәселелер талқыланды», — деді.
Дүйсенбі күні Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәни Тегеранда болып, Иран Президенті Масуд Пезешкиан және СІМ басшысы Аббас Аракчимен кездескен болатын.
Израиль мен ХАМАС қозғалысының Газадағы атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келіссөздерінің соңғы раунды 25 тамызда Каирде өтті. Алайда келіссөздер нәтижесіз аяқталды.
Кеше, 28 тамызда Израиль делегациясы Газадағы атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келіссөздер жүргізу үшін Қатарға қайта аттанды.















