Түркия билігі БРИКС-ке қосылу жөнінде ресми түрде өтініш түсірді.
Еуразия Тудейдің Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркия БРИКС-ке қосылуға өтініш беру арқылы әлемдегі ықпалын нығайтуға және барлық дамушы елдермен байланыстарын кеңейтуге тырысуда.
Bloomberg басылымының мәліметінше, бірлестікті кеңейту мәселесі 22-24 қазанда өтетін БРИКС саммитінде қаралуы мүмкін.
БРИКС 2006 жылы құрылған. Оған Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдері мүше.
2024 жылдың қаңтар айында бұл ұйымға Мысыр, Иран, БАӘ және Эфиопия кірді. Малайзия, Таиланд және Әзірбайжан да БРИКС-ке кіруге өтініш берген.
БРИКС саммиті биыл 22–24 қазан аралығында Ресейде өтеді.




















