Пәкістан Үндістан Сыртқы істер министрінің соңғы мәлімдемесінен кейін Үндістанды мағыналы диалог өткізуге шақырды.
Еуразия Тудейдің Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Исламабад Үндістан Сыртқы істер министрінің Кашмирдегі дауға қатысты соңғы мәлімдемеcіне жауап бергенін хабарлады.
Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Джамму мен Кашмир мәселесі — халықаралық деңгейде мойындалған дау. Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары мен Кашмир халқының талаптары негізінде шешілуі керек. Өйткені, бұл дауды шешу Оңтүстік Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өте маңызды. Біз Үндістаннан Кашмирге қатысты арандатушылық сөздері мен негізсіз мәлімдемелерін тоқтатып, оның орнына осы дауды шешу және Оңтүстік Азиядағы тұрақты бейбітшілік үшін мағыналы диалог орнатуды сұраймыз», -деп жазылған.
Кашмир өңірінде Үндістан мен Пәкістан арасында үнемі қақтығыс болады. Кашмир бүгінде әлемдегі көлемі жағынан ең үлкен дау тудырып отырған өңір саналады. 2003 жылы Пәкістан мен Үндістан келіссөз арқылы Кашмирді ортақ бақылауға келісті. Алайда, бұл келісім екі ел арасындағы дауды тоқтата алмады.



















