«Астана» халықаралық қаржы орталығы «Astana Finance Days 2024» (AFD) конференциясын өткізеді.
Бұл туралы Еуразия Тудей АХҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
2024 жылғы 5-6 қыркүйекте «Инновация, Инвестиция, Серпін» бағыттары бойынша өтетін конференцияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, капитал нарықтарының өңірлік дамуы, венчурлық инвестициялар, активтерді басқару саласын дамыту әлеуеті, креативті индустрияға инвестициялар, жасанды интеллектің даму үрдістері, орнықты қаржыландырудың жаңа құралдары, Орталық Азиядағы «жасыл» экономиканың дамуы мен өсуі, исламдық және өтпелі қаржыландыру, қаржы индустриясындағы инновациялар және т.б. тақырыптар қозғалады.
Конференцияда сондай-ақ қаржы орталығының қатысушы компанияларымен сындарлы диалог жүргізуге және оларға қолдау көрсетуге жәрдемдесуді көздейтін AIFC Community бастамасы аясында панельдік сессиялар өтеді.
Бұдан басқа, конференция аясында екіжақты бірқатар келісімге қол қойылады.
AFD – 2018 жылдан бері қаржы саласының жетекші сарапшыларының, инвесторлар мен бизнес-көшбасшылардың басын қосатын платформа ретінде қызмет етіп келе жатқан Еуразия өңірінің жыл сайынғы қаржы конференциясы.
Осы айтулы оқиғаға жыл сайын әлемнің 70-тен астам елінен 3000-нан астам қатысушы қатысады.












