Парижде жазғы Паралимпиада ойындарында күміс медальға қол жеткізген Иранның пара садақшы қызы Фатеме Һеммати жүлдесін еліне арнайтынын айтты.
Бұл туралы Еуразия Тудей хабарлайды. Жазғы Паралимпиада ойындарында садақ атудан аралас командалық сында күміс медаль жеңіп алған Фатеме Һеммати: «Біз жартылай финалда Паралимпиада рекордын жаңартқан әлемдегі ең мықты Үндістан командасымен кездестік. Бұл қызықты жарыс болды. Біз оларды жеңіп, финалға шықтық. Финалда британдық садақшылармен алтын жүлдеге таластық, бірақ біз күміс медаль алдық. Қалай болғанда да, бұл жарыс командалық тартыс және біз екеуіміз де жақсы және керемет өнер көрсеттік. Жеке бөлімде де мен күміс медальға қол жеткіздім. Мен Паралимпиада ойындарында екі алтын аламын деп ойладым, бірақ күміс медаль иелендім. Мен Ардагерлер федерациясы мен Ұлттық Паралимпиада комитетіне алғыс айтамын. Джалил Куһпайеһзаде мен Ғафур Каргари мырзалардың еңбегі зор. Сондай-ақ, мен осы сапарда бізбен бірге болғандардың барлығына алғыс айтамын. Мен өз екі жүлдемді Иранның құрметті халқына арнаймын»,-деді.


















