Ормұз бұғазының оңтүстік бөлігінде екі мұнай танкері жарылып, өртке оранды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері мәлімдеді.
Иран тарапының айтуынша, кемелер радиолокациялық және навигациялық жабдықтарын өшіріп, тыйым салынған бағытпен жасырын өтпек болған.
Иран әскерилерінің мәлімдемесіне сәйкес, екі танкер де теңіз миналарына соқтығысқан. Бұл жарылыстар мен өртке әкеп соқтырған. Зардап шеккен кемелердің бірі мұнай тасымалдауға арналған ең ірі кемелер қатарына жатады.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері халықаралық кеме қатынасы компанияларын бұғаз арқылы өту бағытын Иранның теңіз трафигін бақылау орталығымен келісуге шақырып, ескерту жасады. Тегеран Иран белгілеген шектеулерді елемеу әрекеттері осындай оқиғаларға соқтыруы мүмкін екенін баса айтты.
Бұл оқиға сауда кемелерге жасалған шабуылдар туралы хабарламалардың жиілеп кеткен тұсында орын алды. Бұған дейін, 12 қараша күні ирандық әскерилер тағы төрт мұнай танкерінде жарылыс болғанын мәлімдеген болатын.
Зақымданған танкерлердің атаулары, қай елге тиесілі екендігі және ықтимал зардап шеккендер туралы мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.


















