Инвесторы АҚШ Президентінің ұлы Эрик Трамп болып табылатын компания Израильге мың әскери робот жеткізу мәселесін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, инвесторы Эрик Трамп болып табылатын Foundation Future Industries америкалық технологиялық компаниясы Израильге «Phantom MK1» атты мыңға жуық адам тәрізді роботты жеткізу мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізуде.
Британдық Financial Times басылымының мәліметінше, АҚШ Президенті Дональд Трамптың ұлы Эрик Трамп қолдайтын, адам пішіндес роботтар жасаумен айналысатын америкалық стартап Израиль армиясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Тараптар Ғаза туннельдерінде және соғыс операцияларында пайдалану үшін Израильге мың робот жеткізу мүмкіндігін талқылады.
Сонымен қатар, британдық Telegraph басылымы бұл мәселеге қатысты Эрик Трамптың компаниясы шығаратын әрбір роботтың бағасы шамамен 150 мың долларды құрайтынын хабарлады. Егер келіссөз кезінде ұсынылған ең жоғары мөлшер қабылданса, мың роботты жеткізудің жалпы құны 150 миллион долларға жетуі мүмкін.
Аталмыш роботтар толығымен автоматтандырылған. Оларды жарылғыш тұзақтарды анықтау және жарылғыш заттармен жұмыс істеу сияқты қауіпті тапсырмаларды орындау үшін пайдалану көзделген.



















