«Формула-1» жарысының жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон Ғазадағы жағдайдың аса ауыр екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Льюис Хэмилтон Мысыр мен Ғаза шекарасына барған кезінде мәлім етті.
Хэмилтон гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері керуенінің тоқтап тұрғанын қатаң сынға алды.
Ол Израильдің шабуылдары мен Ғаза блокадасын «сұмдық әрі әділетсіз» деп атады.
Спортшы Инстаграм парақшасында Израильдің Ғазадағы әрекеттерін «үш жылдық геноцид» деп бағалап, мұны «жан түршігерлік» жағдай деп сипаттады.
Ол: «Израиль атысты тоқтату аясында міндеттемелерін орындап, гуманитарлық көмектің кедергісіз кіруіне рұқсат беруі тиіс», -деді.
Сондай-ақ Хэмилтон жұртшылықты Ғаза халқының тартып жатқан азаптарына ешқашан бей-жай қарамауға шақырды.



















