Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ, «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу өтеді.
Германия Федаративтік Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін 1991 ж. 31 желтоқсанда таныды.
1992 жылы 11 ақпанда екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.
1992 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында ГФР-дың ҚР-дағы Елшілігі, 1993 жылы қыркүйек айында Бонн қаласында ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігі ашылып, 1999 жылы Берлин қаласына көшірілді.












