Президент Владимир Путин биыл 22-23 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына бармайды.
Еуразия Тудейдің РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді.
Песковтың айтуы бойынша бүгінде АҚШ Ресей көшбасшысы баратын ең жақсы жер емес.
Дмитрий Песков: «Ол соңғы жылдары саяхаттамайды. Соңсоң, қазір Америка Құрама Штаттары қанша дегенімен, былайша айтқанда, БҰҰ-ның штаб-пәтері орналасқан ел ретінде өз міндеттемелерін ең жақсы түрде орындамайтын ел. Сондықтан, қазір бұл саяхат үшін ең жақсы жер емес шығар», — деді.
«Путин БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеуден неліктен тағы бас тартты?» деген сұраққа Кремль өкілі осылай жауап берді.
22-23 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясына баратын Ресей делегациясының құрамы мұның алдында бекітіліп қойған. Он адамнан тұратын делегацияны Сыртқы істер министрі Сергей Лавров басқарады.












