БАӘ қақпасына гол соққан ирандық спортшы Меһди Ғаеди Иран-БАӘ матчының үздік ойыншысы атанды.
Иран ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің матчында БАӘ командасын жеңді. Кездесу сейсенбі күні Әл-Айн қаласында өтіп, 1:0 есебімен Иран құрамасының пайдасына аяқталды.
Иран футбол құрамасы енді Өзбекстанмен кездеседі. Бұған дейін, 5 қыркүйек күні Иранның ұлттық футбол құрамасы Қырғызстан командасымен кездесті. Иран құрамасы Қырғызстан ұлттық құрамасын 1:0 есебімен жеңді.











Discussion about this post