Кавказ тақырыбы бойынша ирандық политолог Вали Каледжи Зангезур аймағының әскери дәлізге айналып кету ықтималын жоққа шығаруға болмайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Еуразия институты ғылыми кеңесінің мүшесі Вали Каледжи «Экономика әлемі» газетіне берген сұхбатта Әзірбайжан республикасы оны батыс Зангезур деп атайтын мәселе бойынша дау-дамайға қатысты сұраққа: «Әзірбайжан бұл аймақта аумақтық талаптары жоқ екенін айтады. Тек Нахчиванмен құрлық арқылы байланыс орнатқысы келеді. Алайда мәселе мынада: орыстар Зангезурды тексеру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылауды өздерінің шекара күштерінің қолында ұстағылары келеді. Бүгін де Иран мен Армения шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ресей күштерінің қолында» деді. Коладжи Әзірбайжан республикасының да қауіпсіздікті қамтамасыз етудің не өздерінің немесе орыстардың қолында болғанын қалайтынын баса айтты. Яғни, Әзірбайжан Арменияның бұл аймақты бақылағанын қаламайды.
Әскери дәлізге қатысты алаңдаушылық
Кавказ тақырыбы бойынша ирандық зерттеуші Каледжи Қарабақта атысты тоқтату туралы 2020 жылғы келісімнің 9 бабына қатысты былай деді: «Аталған келісімнің тоғызыншы бабында транспортты жолдарды байланыстыру халықаралық шекаралардың өзгеруі мен Иран мен Арменияның ортақ шекараларына қауіп төндірмеуі немесе бұғат болмауы керек деген ескерту бар».
Осы сарапшының айтуы бойынша қолжетімділікке қатысты Иранның мәселесі жоқ. Бірақ, Иран Армения үкіметі Түркия Нахчыванының артында орналасқан жағдайда осы дәлізді бақылай алмаса, билігін жүргізе алмаса немесе тексере алмаса, алаңдаушылық пайда болуы мүмкін деп санайды. Себебі, бұл аймақтың әскери дәлізге айналып кету ықтималын жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайда не болмақ?
Ол сөзін жалғап: «Сиюник (Зангезур) аймағының ұзындығы 40-50 шақырым. Егер сол жерге Нахчываннан бір әскер, Әзірбайжан республикасы жақтан бір әскер келсе, ол жерді бір күннің ішінде басып алады», — деді. Коладжи Иранның Әзірбайжан республикасы алдымен батыс және шығыс Зангезур дегенді алып тастап, кейін оны бір аймаққа айналдырады деп қатты алаңдайтынын айтты.
Дәліз қалыптастыруға Иранның қоятын шарты
Кавказ мәселелері бойынша зерттеуші Каледжи «Иран осы аймақта дәліз қалыптастыруға қандай жағдайда қарсылық танытпайды?» деген сауалға: «Егер «Зангезур дәлізі» деп аталатын дәліз Армения билігі тарапынан жүзеге асырылып, орнатылса, осы елдің тексеру бекеттері аталған дәлізде орналасса, Иран қарсылық білдірмеуі мүмкін. Бірақ атауы да «Зангезур дәлізі» болмауы керек», — деді.
Сарапшының айтуы бойынша, Иран аймақтағы байланыс жолдарын қосуды қолдайды. Бұл тақырыпқа қатысты мәселесі жоқ. Дегенмен, Қарабақта атысты тоқтату туралы 2020 жылғы үшжақты келісімде «Зангезур дәлізі» деген атаумен байланыстыру туралы аталмағандықтан, бұл байланысты қабылдамайды.
«Осы келісімде дәліз сөзі тек бір рет қана кездеседі. Оның өзі Қарабақ пен Арменияның ортасында орналасқан бүгінде жоқ Лачин дәлізі. Осы дәлізге Армения бақылау жасамағанша, оның салдары көп болады. Бакудің қоқан- лоққылары мен осы аймақты Нахчыванмен біртұтас деп көрсететін, шығыс және батыс Зангезур деп қуаттайтын Әзірбайжан мен Түркияда шығып жатқан карталарды назарға алсақ, алаңдаушылық туындайды», — деді.
Арас Зангезурды алмастыра алмайды
Кавказ мәселелері бойынша зерттеуші сөзінің жалғасында Арас дәлізін салу тақырыбы және оның Зангезур дәлізін алмастыру ықтималына тоқталып: «2023 жылдың қыркүйек айында Әзірбайжан күштері Таулы Қарабақты басып алғаннан кейін Иран мен Әзірбайжан Әзірбайжанды Иран арқылы Нахчыванмен қосатын транзиттік бір жол туралы 2023 жылдың қыркүйек айының 9 күні келісім жасады.
Арас деп аталатын бұл дәліз Шығыс Әзірбайжан облысы арқылы өтіп, Зәнгилан ауданының оңтүстік-батыс бұрышындағы Ақбанд ауылын Нахчыванның оңтүстігіндегі Ордобад қалашығымен байланыстыруы керек.
Бұл дәліз Зангезурдің орнын алмастырады деген болатын. Алайда о бастан ондай болмайтыны белгілі болған. Тіпті, егер транзиттік осы жол ашылғанымен, Әзірбайжан Республикасы Зангезурдан бас тартпайды», — деді.















