Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Иран Президенті Масуд Пезешкианға Табас көмір шахтасындaғы жарылыста кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Иран Президенті Масуд Пезешкианға Табас көмір шахтасындaғы жарылыста кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтқан жеделхат жолдады.
Жеделхатта: «Иран Ислам Республикасындағы Табас көмір шахтасында метанның ағуынан болған жойқын жарылыс салдарынан көптеген кеншінің қаза тауып, жараланғаны біздің қатты қайғыға себеп болды. Мен осы ауыр оқиғаға байланысты Сізге, достас Иран халқы мен қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», — деп жазылған.
21 қыркүйек күні Иранның Оңтүстік Хорасан провинциясындағы Табас көмір шахтасында метанның ағуынан жойқын жарылыс болды. Шахтадағы жарылыс салдарынан 52 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды.
Табас кеніш і- шамамен 30 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан Иранның бай және үлкен көмір ауданы.



















