Кеше, 26 қыркүйек күні футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездесіп, қазіргі әлем чемпионынан басым түсті.
Еуразия Тудейдің ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасап, қазіргі әлем чемпионы Португалияны жеңді.
Кездесу барысында алғашқы голды қазақстандық Шыңғыс Есенаманов соқты. Португалиялық Зикки 21-минутта есепті теңестірді. Ойынның бітуіне 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты.
Енді ширек финалда Қазақстан қазанның 3 күні Ташкентте Аргентина/Хорватия құрамасының бірімен кездеседі. Қазақстан биыл D тобында алғашқы ойында Испаниямен 1:1 есебімен тең түсті. Ливияны 4:1 есебімен, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді.
Бүгін, 27 қыркүйек күні плей-офф сатысында Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия кездеседі.
Айта кетейік, әлем чемпионатының ширек финалы 29-30 қыркүйекте, жартылай финалы 2-3 қазанда өтеді.



















