Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров елінің БРИКС ұйымына төрағалығы мен жуырда өткен Қазан қаласындағы саммит отырысына көңілі толатынын айтты.
Еуразия Тудейдің Ресей Федерациясының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров TV BRICS халықаралық арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Сұрақ: Ресей 2024 жылы БРИКС-ке төрағалық етуде. Басты оқиға Қазандағы саммит болды. Оның басты нәтижелерін, сондай-ақ жалпы Ресейдің төрағалығының нәтижелерін қорытындылайтын болсақ, нені атап өтер едіңіз?
Сергей Лавров: Саммит БРИКС-тің қарқынды өсіп келе жатқан беделін және көптеген елдердің оның жұмысына қосылуға ұмтылысын көрсетті.
Бірқатар мемлекет ресми түрде БРИКС-ке толыққанды мүше ретінде қосылу туралы өтініш жасады. Қалғандары серіктес ел болуға қызығушылық танытты. Бұл Қазан саммитінде келісілген жаңа санат.
Біз 2023 жылы ұйымға мүше мемлекеттердің санын бестен онға дейін арттырдық. Осы кезеңде серіктес елдер санатын құруды шектеп, БРИКС-тің жаңа толыққанды және бұрынғы мүшелері жаңа құрамда жұмыс істеуі үшін жаңа топ құру туралы шешім қабылданды.
Бұл тұрғыда Ресейдің төрағалығымен көптеген жұмыс атқарылды. Барлық негізгі мәселе бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді. Әрдайым ерекшеліктер болады. Қабылданған декларация мүдделер тепе-теңдігі негізінде келісілді. Біреу біреуге Батыс форумдарында орын алатындай қысым көрсетуге тырыспады. Біз өзара қолайлы тұжырымдарды іздедік.
Бұл декларацияның негізгі пафосы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, ХВҚ, Дүниежүзілік банк және ДСҰ-ын қоса алғанда, жаһандық басқару тетіктеріндегі Жаһандық Оңтүстік және Жаһандық Шығыс елдерінің үлесін айтарлықтай арттыру қажеттілігі болып табылады.
Сұрақ: Ресейдің төрағалығы аясындағы басым бағыттардың бірі ұйымға қатысушы елдердің парламентаралық ынтымақтастығын нығайтуды жүзеге асыру нәтижелерін қалай бағалайсыз?
Сергей Лавров: БРИКС елдерінің заң шығарушы органдарының мүшелерімен және олардың жақтастарымен «аутрич» форматында және қауымдастықпен әлі байланыс орнатпаған басқа мемлекеттер арасында бірнеше кездесу өтті.
Мысалы, 2024 жылы Женевада Парламентаралық одақтың сессиясы өтті. Сессия аясында БРИКС елдерінің парламентшілері және онымен қарым-қатынас орнатуға мүдделілік танытушылар арасында іс-шара өтті.
Біздің парламентаралық бағдарламамыздағы екінші мәселе БРИКС тарихында ұлттық парламенттердің халықаралық істер комитеттері басшыларының бірінші кездесуі «БРИКС плюсті» өткізу болды. Бұл алдағы жылдары бірлестік жұмысының тұрақты элементіне айналады.
Сонымен қатар, оныншы БРИКС парламенттік форумы өтті. Бұл құрылым бұрыннан бар. Форум жұмысына ТМД Парламентаралық Ассамблеясының парламентшілері қосылды. Форумға Парламентаралық одақтың төрағасы, Танзания парламентінің басшысы да қатысты.
Сұрақ: Сіз БРИКС-тің кеңеюі туралы айтып өттіңіз. Құрамға Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы және БАӘ кірді. Олардың қосылуына байланысты бірлестікте қандай оң өзгерістер болды?
Сергей Лавров: Жаңа БРИКС сатып алу қабілетінің паритеті бойынша есептелетін болса, қазірдің өзінде әлемдік ЖІӨ-нің 35 пайызын өндіреді. Ресей Президенті Владимир Путин бұл көрсеткішке тоқталып, оның әлемдік жалпы өнімдегі G7 елдерінің үлесінен бірнеше пайызға жоғары екенін атап айтты. Әлем халқының 42 пайызы деген маңызды көрсеткіш.
Ұйымға қосылған елдерге келсек, Мысыр — көшбасшы, ең ірі экономика, Солтүстік Африка мен Араб мемлекеттері лигасының ең ықпалды елі.
Эфиопияда Африка одағының штаб-пәтері орналасқан. Бұл серіктес ұлттық серіктес ретінде және бүкіл Африка одағының өкілі ретінде екі бағытта әрекет етеді.
Иран Ислам Республикасы – экономикалық тұрғыдан қуатты мемлекет. Мұнай қоры бойынша әлемде үшінші орында.
БАӘ қазіргі әлемдік экономиканың жетекші логистикалық, сауда және реэкспорт орталықтарының бірі болып табылады. Мұны бәрі жақсы біледі.
Сауд Арабиясы – мұсылман әлемінің көшбасшысы. Исламның екі киелі орны сақталған ел.
Бұл елдердің әрқайсысы өзінің лайықты беделіне ие және БРИКС-тің беделін нығайтады.
Сұрақ: Ресей БРИКС төрағалығын Бразилияға береді. Төлем жүйесі мен осы тақырыптан басқа, қауымдастықтың 2025 жылғы жұмысынан тағы қандай талқылаулар мен нәтижелерді күтесіз?
Сергей Лавров: Менің ойымша, төлем платформасы, есеп айырысу тетіктері және сақтандыру механизмдері Бразилия төрағалығы басымдылықтарының қатарында болады.
Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва 2023 жылы Йоханнесбургте өткен БРИКС саммитінде Ресейдің балама төлем жүйелері туралы тақырыбының бастамашысы болды. Йоханнесбург декларациясында бекітілген осы бастамаға жауап ретінде қаржы министрлері мен Орталық банк басшылары жұмыс істеді. Ілгерілік айқын. Бірақ пайдаланудың дайын тетіктері болуы үшін оны логикалық қорытындыға келтіруіміз керек.
Біз ресейлік бастамалар бойынша жұмыстар жалғасады деп үміттенеміз. Бұл астық биржасы, инвестициялық платформа, көлік және ядролық медицина бойынша топ. Мұның бәрі БРИКС қатысушыларын қызықтыратын таза практикалық нәрселер. Біз бразилиялықтарды белсенді түрде қолдайтын боламыз.
Біз БРИКС ұйымына төрағалығымыз бен Қазан қаласындағы саммит отырысына көңіліміз толады.



















