Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ИИР-ның тұрақты өкілі Амир Саид Ираванидің қарашаның 14 күні Илон Маскпен кездескенін теріске шығарды.
Еуразия Тудейдің Меһр агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша ИИР-ның ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи Американың кейбір ақпарат құралдардында Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Ираванидің Илон Маскпен кездесуі туралы хабарларға қатысты сөзінде кездесуді кесімді түрде теріске шығарып, америкалық БАҚ-ның бұл жайында кең түрде хабар таратқанына таңданыс білдіріп: «Америкалық ақпарат құралдарының бұл туралы кең түрде хабарлауы таңдандырады», — деді.
Айта кетейік, соңғы күндері америкалық The New York Times газеті жоғарыда аталған екі тұлға Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеліністі «жұмсарту» үшін кездесіп, сұхбаттасқаны туралы хабар жариялаған болатын.












