«Сирия астанасы Дамаскте әскери төңкеріс болды» деген қауесет пен алып-қашты сөздер шындыққа жанаспайды.
Еуразия Тудейдің Тасним ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша қала қазіргі уақытта тыныш күй кешуде. Төңкеріс тек лаңкестер мен оларды қолдайтын ақпарат құралдарының қарсыласу қозғалысын жеңіліске ұшыратып, көбірек алға басу мақсатындағы психикалық амалдары ғана.
Бірнеше сағат бұрын сириялық оппозициялық топтар мен лаңкестерге қарайтын кейбір ақпарат құралдары «Дамаскте әскери төңкеріс болды» деген хабар таратты. Алайда бұл хабарды Тасним агенттігінің Дамасктегі тілшісі теріске шығарды.
Бірнеше сағат бұрын «төңкеріс» атауымен жарияланған видеолар да шындыққа жанаспайды.
Дамасктегі толық тыныштыққа қарамастан Сирия әскерінің барлық бөлімшесі осы қала мен оның айналасындағы кез келген ықтималды қастандық пен бүлдіргі әрекеттерге қарсы тұру үшін толық дайындық жағдайына келтірілген.












