Иран СІМ Аббас Арақчи Түркияның жоғары лауазымды басшыларымен кездесу үшін Анкараға келді.
Арақчидің сапарының басты мақсаты осы елдің басшыларымен Сириядағы жуырдағы оқиғалар жайлы пікірлесу деп жарияланды.
Айта кетейік, Иран Сыртқы Істер министрі Аббас Арақчи мұның алдында кеше, желтоқсанның бірі күні Сирия астанасы Дамаскте осы елдің Президенті Башар Асадпен кездесіп, аймақтағы оқиғалар жайында кеңесті.
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайидің мәлімдемесіне сәйкес, Аббас Арақчи Түркия сапарынан кейін кеңесу мақсатында келесі елге аттанады.











Discussion about this post