Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 18 желтоқсан күні Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.
Айта кетейік, 2024 жылғы 12 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан астанасы Баку қаласында БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы аясында Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен кездесу өткізген болатын.
Президент Гвинея-Бисау елін Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы достық байланыс пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.












