БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Ресей елшісі әрі тұрақты өкілі Василий Небензя Америка мен Еуропаның “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасына қатысты қатынасын сынға алып: “Snapback механизмін белсенді етуге қоқан лоққы жасау жеңіліс табады”, — деді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша БҰҰдағы Hесей елшісі әрі тұрақты өкілі Василий Небензя жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарары мен “Ортақ қадам” бағдарламасы туралы отырысында: “Еуропа Одағының Иранның ядролық келісімі туралы сөзін қисынды және шынайы деп қабылдауға болмайды. Олар Иранды кінәлі деп көрсетіп, Иранға қарсы мәлімдемелерімен Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарына қатысты өздерінің міндеттемелерін бұзғанына көзжұмбайлық танытылғанын қалайды.
Иранға қарсы бұрынғы әрекеттердің кері әсері болды. Snapback механизмін белсенді етуге талпынс та нәтижеге жетпей, жеңіліс табады.
Тоғыз жыл бұрын “Ортақ қадамның” тараптары саяси көзқарастарын қойып, шынайы қатынас ұстанған жағдайда келіспеушіліктерді шешуге болатынын көрсеткен болатын.
“Ортақ қадам” келісімі барлық тарап өздерінің талаптарына жетуге және халықаралық қоғамдастыққа Иранның ядролық бағдарламасы толығымен бейбіт сипатты екенін көрсетуге себеп болды. Уақыттың өтуімен қай елдің өздерінің саяси мақсаттарын көздейтіні анықталды”, — деді.
Ресей елшісі қазіргі жағдайдың қалыптасуын АҚШ мен “Ортақ қадам” бағдарламасына мүше елдердің қисынсыз шешімі мен қате саясатының салдары деп атап: “БҰҰ Бас хатшысы АҚШ өзінің қателіктерінің орнын толтыру үшін ешқандай талпыныс жасамағанын анық айтты”, — деді.
Небензя Байден үкіметінің “Иранмен келісімге келуге талпыну” деген уәжбен жұмыс істеуге келгенін, бірақ “Ортақ қадамға” қайта оралу үшін мардымды күш-жігер жұмсамағанын айтып: “Еуропалық тараптар дипломатияға табандымыз” деген мәлімдемесіне қарамастан кез келген сылтауды Иранға қарсы қолданып, Америкадан алшақтай алмады.
Еуропалық елдер Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеранға қарсы барынша қысым саясатын қолдану үшін бұрыс ақпараттарды пайдаланады”, — деді.
Ол еуропалық және америкалық делегациялардың Тегеранның уранды байыту бағдарламасын 60 пайызға кеңейту туралы шешімін сылтауратып, Иран Ислам Республикасының бұл әрекеттерге бару туралы шешімінің себебіне мән бермегендерін айтты.
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Иранның шешімі АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Германияның сындарсыз әрекеттеріне жауап болғанын, дәл осы елдердің БҰҰ-ның шартын бұзғанын, бірақ екіжүзділікпен Иранды бұл үшін кінәлауға тырысатынын баса айтты.
Небензя Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің қатаң бақылауы Иранның ядролық бағдарламасының ашықтығын және келісімдерге сәйкестігін растағанына тоқталып: «Қазіргі жағдайға Батыстың жауапты екенін және Қауіпсіздік кеңесінің әрбір отырысында олар басқа елдерге, соның ішінде Ресейге де шабуыл жасауға тырысатынын ашық айтуыма рұқсат етіңіздер», — деп сөзін түйіндеді.












