Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бағайи Американың Жаңа Орлеан қаласында бір топ адамға жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Бақайи Иран Ислам Республикасының әлемнің қай жерінде, жеке адам, топ немесе қай мемлекет болмасын, лаңкестік әрекеттің кез келген түрі мен көрінісін айыптайтын принципті ұстанымын қуаттап, ДАИШ тобына қарайтын лаңкестің Американың Жаңа Орлеан қаласындағы адамдардың бір тобына көлікпен жасаған шабуылын айыптады.
Бақайи бірнеше адамның қаза тауып, жаралануына соқтырған оқиғаны айыптап, құрбандардың отбасыларына жанашырлық білдірді.
Айта кетейік, Жаңа жыл қарсаңындағы түнде Американың Жаңа Орлеан қаласындағы Бурбон-стрит көшесінде көлік жүргізушісі жоғары жылдамдықпен көшедегі бір топ адамды қағып кетті. Онымен қоймай адамдарға қарай атыс ашты. Соның салдарынан он бес адам қаза тауып, отыз бес адам жараланды.












