Америка Президенті Джо Байден Газада соғысты тоқтатып, израильдік тұтқындарды азат ету үшін келісім жасауға болатыны және Газада атысты тоқтату бағытындағы келіссөздерде ілгерілеушілік бар деген уәж айтты.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Джо Байден кеше жергілікті уақыт бойынша түнде тілшілерге: “Ілерілеушілікке куә болып отырмыз. Тұтқындармен алмаса аламыз деген әлі үміт бар”, — деді.
Ол Ливанның жаңадан сайланған президенті Джозеф Аунмен сөйлескенін айтып, оны бірінші деңгейлі адам деп сипаттады.
Ол сөзін жалғап: “Үкімет бұрынғысынша Ливан армиясымен шынайы серіктестік жасауда. Ливан халқына не ХАМАС, не Хезболла, не басқа ешбір топ емес, солар жауапты”, — деді.















