Фердоуси театрының сахнасында Беһруз Ғарибпурдың “Моулави” операсын 7500-ден астам көрермен тамашалады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, “Моулави” операсы көпшіліктің үлкен қызығушылығына байланысты ұзартылып, 51 рет қойылды.
“Аран” Ұлттық опера тобы мен “Рудаки” мәдени қоры дайындаған “Моулави” операсы Фердоуси театрының сахнасында қараша айының 22-нен бастап көрсетіліп, қаңтардың 10 күні аяқталды.
Тақырыпқа орай:
No Content Available
“Моулави” операсы — “Аран” қуыршақ театрының үшінші репертуары. Опера алғаш рет 2009 жылдың ақпан айында, соңғы рет 2019 жылы Фердоуси театрының сахнасында қойылды.
Операның композиторы — Беһзад Абди, дирижері — Владимир Сиренко. Oркестрді Украина Ұлттық оркестрі сүйемелдеді.










