ХАМАС қозғалысы сионистік режиммен тұтқындармен алмасу үдерісінің екінші кезеңі аясында израильдік төрт тұтқын әйелді Қызыл крест комитетіне тапсырды.
Еуразия Тудейдің палестиналық “Шеһаб” хабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша ХАМАС қозғалысы израильдік төрт тұтқын әйелді Қызыл крест комитетінің өкілдеріне тапсырды.
Израильдік тұтқындар бостандыққа шыққан кезде ХАМАС қозғалысынан сыйлықтар алды.
Сионистік режим Армиясының әскерилері болған осы төрт тұтқын әйелдің орнына палестиналық екі жүз тұтқын азат етіледі. Олардың жүз жиырма бірі — бір немесе бірнеше рет мәңгілікке бас бостандығынан айырылу жазасына кесілгендер. Қалған жетпіс тоғызы да түрмедегі ауыр жаза алғандар.
Израильдік тұтқын әйелдерді тапсыру операциялары Газадағы Палестина алаңында Қызыл крест комитеті өкілдерінің қатысуымен өтті.
Айта кетейік, тұтқында болған осы төрт әскери әйел 2023 жылы 7 қазанда ХАМАС шабуылы кезінде Киббутц Нахал Оз қаласындағы әскери базадағы бекетте ұсталған. Олар тұтқында 477 күн болды.
Ал бүгін бостандыққа шығатын палестиналық жетпіс тұтқын басып алынған жерлерден жер аударылуы керек. Сионистік режим бұл адамдардың қарсыласу топтарында қайтадан белсенділік танытуынан қорқады.












