БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Франческа Альбанезе араб елдерінің Палестина мәселесіне қатысты әрекетсіздігіне таң қалды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Палестина аумақтарындағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Франческа Альбанезе теледидарға берген сұхбатында араб елдерінің Палестина мәселесіне қатысты әрекетсіздігіне таңданыс білдірді.
Франческа Альбанезе сионистік режимнің қылмыстарын қауіпті деп атап, Израильдің палестиналықтарды қуып шығуды көздеп отырғанын айтты.
Альбанезе Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимді ажыратпаудың маңыздылығына тоқталып, Израиль режимі тұрғындарды Дженин лагерінен шығаруға күш салып жатқанын баса айтты.
БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Батыс жағалауда болып жатқан оқиғаларға алаңдаушылық білдіріп, Израиль режимінің палестиналықтардың тұрып жатқан жерлерін ескермей, оларға шабуыл жасап, Палестина жерлерін басып алуға ұмтылған отаршылдық әрекетін сынға алды.
Мұның алдында Альбанезе Израиль режимінің палестиналықтарға жасаған геноцид қылмыстары Газа секторымен шектеліп қалмай, басып алынған Батыс жағалауға таралатынын ескерткен болатын.



















