Израиль түрмелерінен бостандыққа шыққан палестиналық 79 азаматты Мысыр қабылдады.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша ХАМАС қозғалысы мен Шоһада кеңсесінің ақпарат хатшысы Наһид ал-Фахури тұтқыннан босатылған палестиналықтардың өз отанынан тыс өмір сүретін елдерді атады.
Наһид ал-Фахури жуырда сионистік режимнің түрмелерін бостандыққа шығарылған, атысты тоқтату бітімінің мәтініне сәйкес Палестина аумағынан жер аударылуға мәжбүр тұтқындардың тағдырының қарастырылуына тоқталып, осы уақытқа дейін басып алынған Палестина жерінен шығуы керек болған палестиналық 79 азат азаматтың Мысырға енгенін айтты.
Осы үдерісті қарастыру үшін өзі де Мысырда жүрген ал-Фахури аталған адамдардың жартысының Мысырдың ішінде тұрақ тебетінін, ал қалған адамдардың тағдыры да тұтқындармен алмасу кезеңдерінде жарияланған соңғы сан негізінде анықталатынын айтты.
Ал-Фахури азаттыққа шыққан басқа адамдардың кейбіреуінің қай елде тұратыны анықталғанын, мәселен, олардың ішіндегі он бес адам бүгін Түркияға, жақында тағы он бес адам Пәкістанға аттанатынын, бұл елдің аталған адамдарды қабылдауға келіскенін айтты.
ХАМАС қозғалысының осы жауапты тұлғасы басқа мемлекеттерден бостандыққа шыққан палестиналықтарды қабылдауға қатысты нақты ұстаным күтетінін мәлімдеді.
Алжир бостандыққа шыққан палестиналықтардың белгілі бір тобын қабылдау үшін алғашқы келісімін жариялағанымен, Тунис өз жерінде палестиналықтарды қабылдаудан бас тартты.












