Панама Президенті Хосе Рауль Мулино кеше жұма күні Америка Президенті Дональд Трампен жасаған келісім аясында осы ел әр түрлі ұлттан тұратын 119 мигрантты Панамаға жібергенін айтты.
Иран, Ауғанстан, Қытай, Үндістан, Непал, Пәкістан, Шри-Ланка, Түркия, Өзбекстан мен Вьетнамнан келген мигранттар отырған алғашқы рейс сәрсенбі күні Панамаға келіп жетті.
Мулино хабар брифингінде тағы бір рейстің жақында келетінін, Америка үш рейс арқылы Панамаға жалпы саны 360 адамды аттандыратынын айтып: «Америка үкіметімен ынтымақтастық бағдарламасы арқылы Америка әуе күштерінің рейсімен Панамаға әлемнің әр түрлі халқынан тұратын 119 адам келіп жетті». — деді.
Американың ішкі қауіпсіздік министрлігі бұл хабарға әлі реакция білдірген жоқ.
Мулино сонымен қатар Америка ішкі қауіпсіздік министрлігімен былтыр шілде айында қол қойылған меморандум венесуалықтар мен колумбиялықтарды және украиналықтарды да қамтитындай кеңеюі мүмкін екенін хабарлады.












