Иранның Киш аралы мен Тәжікстан астанасы Душанбе арасында тікелей әуе бағыты іске қосылды.
Еуразия Тудей агенттігінің Иран Ислам Республикасының Тәжікстандағы елшілігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша Тәжікстан астанасы Душанбе мен Иранның Киш аралы арасында тікелей әуе рейсі ашылды.
Тәжікстан астанасы Душанбе мен Киш аралы арасындағы тікелей рейстерді Kish Airlines кеше жексенбі, наурыздың 16-нан бастап ашты.
Бұл бағыт Иран мен Тәжікстан арасындағы мәдени және туристік байланыстарды арттыруда өте тиімді болады.












