БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі жауапты тұлғасы Газадағы жағдайға байланысты дабыл қақты.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, БҰҰ-ның Газадағы гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының баспасөз хатшысы Ольга Черевко аймақтағы гуманитарлық жағдайдың қатты ушығып бара жатқанын, көмек енгізуге тосқауыл қоюды жалғастыру гуманитарлық апатқа соқтыратынын ескертіп: «Дұрыс тамақтанбау артып бара жатыр. Өткелдердің ашылмауы салдарынан аштық күшейіп, аурулар тарайды. Қолданыстағы ресурстар жеткіліксіз. Ағымдағы жағдайды ауыздықтау мүмкін емес.
Азық-түлік пен медициналық көмек мұқтаж жандарға жетпей бұзылып жатыр», — деді.
Ол өткелдерді тез арада ашуды, атысты тоқтату келісімін қайтаруды және күштеп көшіру үдерісін тоқтатуды талап етті.












