Еуропаның үш елі Газа секторында гуманитарлық көмекті қару ретінде пайдалануды айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Испания, Бельгия және Ирландия Израиль режимінің гуманитарлық көмекті Газа секторына қарсы қару ретінде қолдануын айыптап, мәлімдемелер жасады.
БҰҰ-дағы Испанияның тұрақты өкілі Эктор Гомес Эрнандес Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі бойынша өткен ашық пікірталаста сөйлеген сөзінде: “Газа секторында шабуылдардың қайта басталуы және Батыс жағалаудағы әскери операциялардың күшеюі гуманитарлық жағдайды ушықтыруда”,-деді.
БҰҰ-дағы Испанияның тұрақты өкілі бұл шабуылдарды халықаралық гуманитарлық құқықты айқын бұзу деп атап, Газа секторындағы бітімгершілік келісімінің бұзылуын қатаң айыптады.
БҰҰ-дағы Бельгияның тұрақты өкілі де пікірталаста сөйлеген сөзінде халықаралық құқықты бұзуды тоқтатуға шақырып, осы шабуылдарда гуманитарлық көмекті қару ретінде пайдалануға жол бермеу керектігін баса айтты.
Сонымен қатар, БҰҰ-дағы Ирландияның тұрақты өкілі мәлімдемесінде сионистік режимнің Газа секторында халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі принциптерін сақтамай отырғанын, Израильдің Газа секторына гуманитарлық көмек пен тауарларды жеткізуге кедергі келтіруі аймақтағы азық-түлік дағдарысын ушықтыратынын баса айтты.
Израиль екі айдан астам уақыттан бері Газа секторын толық қоршауда ұстап, жүк көліктерінің Газа секторына кіруіне кедергі келтіріп отыр.




















