Иран СІМ “Иранның Йемен халқының өзін-өзі қорғау және Палестина халқын қолдау жолындағы батыл әрекеттеріне қатысы бар” деген айыптауларды теріске шығарды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі мұндай мәлімдемелерді қуатты Йемен елі мен мазлұм халықты қорлау деп атады.
Иран СІМ-нің мәлімдемесінде: “Йемендіктердің Палестина халқын қолдау жолындағы әрекеттері олардың Палестинадағы бауырларына деген адами және ислам ынтымақтастығы сезімінен туындаған тәуелсіз шешім болып табылады. Йеменге қатысты Иран Ислам Республикасына тағылған айыптаулар — басып алынған Палестина аумақтарындағы сионистік режимнің қылмыстарын, олардың сәтсіздіктерін жасыруды және Батыс Азия аймағындағы қауіпсіздік одан әрі тұрақсыздандыруға сылтау ретінде жасалған жалған мәлімдеме”, — деп айтылған.
Иран Сыртқы істер министрлігі елдердің аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігін құрметтеу қажеттігі туралы өзінің принципті ұстанымын қуаттап, АҚШ-тың Йеменге жасаған әскери шабуылдарын БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын өрескел бұзу деп айыптады.
















